
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында
құқықтық семинар өткізілді
Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, сыбайлас
жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру,
алдын алу, болдырмау жөніндегі талаптар және «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген толтықтырулар қаралды.
Құқықтық семинарымызға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас мамандары Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы
және Найзабай
Құралай қатыстып, түсіндірме жүргізді.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептеріне,
жемқорлықтың пайда болуына қатысты бірнеше факторлардың әсері туралы,
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы заңына енгізілген өзгерістер туралы түсіндірілді.
Заңға енгізілген өзгерістер бойынша мемлекеттік қызметке қабылдау және
қызмет өткеру тәртібі жаңартылып, меритократия қағидаты күшейтілгені,
мемлекеттік қызметшілердің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі
нақтырақ айқындалғаны, әдеп талаптары күйшетіліп, мемлекеттік қызмет
беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер үшін тәртіптік жауапкершілік
шаралары кеңейтілгені және еңбек жағдайлары жақсартылғаны жөнінде
тоқталып өтті.
Сонымен бірге, Әдептілік, Адалдық қағидатын сақтауға, әділ және бейтарап
міндеттілігі туралы, мемлекеттік қызметші қызметтен тыс уақытта да
мемлекеттік қызметтің беделіне нұсқан келтіретін әрекеттерден аулақ
болуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-memleket-saulet/press/news/details/1287933?lang=ru

Жауап қалдыру