2026 жылғы 7 қыркүйекте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған семинар өтті.
Семинарға Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаев төрағалық етті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңнама талаптарын практикада қолдану дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ кәсіби қызмет барысында заңдылық, қызметтік әдеп және жауапкершілік қағидаттарын сақтау.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік шаралары, мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары, жеке қаулылар шығару және олардың орындалуын бақылау тәртібі қаралды.
Сонымен қатар жедел ден қою шараларын қолдану тәртібін сақтау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 803-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ресімдеу, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау және қолжетімділігі шектеулі құжаттармен жұмыс істеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында мамандар кәсіби қызметте туындайтын өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Жауап қалдыру