ТҮРКІСТАНДА 6 СЕКТОРДЫҢ ЖЕТІ АЙДАҒЫ НӘТИЖЕСІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қаладағы 6 сектордың осы жылдың 7 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы қаралды.
Жиында Отырар, Бекзат, Сауран, Бірлік, Шауғар, Яссы секторларының басшылары есепті кезеңде атқарылған жұмыстар мен негізгі көрсеткіштер бойынша баяндама жасады. Инфрақұрылымды жақсарту, абаттандыру, тұрғындардың өтініштерімен жұмыс және сектор аумағындағы өзекті мәселелердің шешілу барысы сараланды.
Қала әкімі секторлардағы жұмыстардың нәтижелілігін атап өтіп, әр аумақтағы салықтық көрсеткіштердің тұрақты өсімін қамтамасыз етуді, газбен қамтамасыз ету, ойын алаңшаларының жай-күйі, тазалық сақтау шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, Әзімбек Пазылбекұлы сектор басшыларына халықпен тікелей жұмыс істеуді күшейтіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен мәселелерін назардан тыс қалдырмауды тапсырды. Әр сектор бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесі нақты көрсеткіштермен бағаланып, алдағы кезеңдегі міндеттер айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1288387?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді