📡 Жосалы ауылындағы цифрлық инфрақұрылымды дамыту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Д.В. Мусалиевтің Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Жосалы ауылында талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеге барды.

Сапарға Әулиекөл ауданының әкімі Ж.Қ. Таукенов те қатысты.

Кездесу барысында инвестициялар туралы келісім аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланып, ауыл тұрғындарын кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету мәселесіне назар аударылды.

Жобаның іске асырылуы ауыл тұрғындары үшін сапалы әрі қолжетімді интернет байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novonezhin/press/news/details/1289124?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді