Ақмола мектептері жаңа оқу жылына дайындалуда: семинарда санитариялық қауіпсіздік пен тамақтандыру мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Мектептердің 2026–2027 оқу жылына дайындығы туралы» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға Ақмола облысының аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, білім беру органдарының өкілдері және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Семинар барысында Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сауле Садвакасова мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына қойылатын негізгі талаптарға тоқталып, санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы мен оқушылар үшін қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар мектептердегі тамақтандыруды ұйымдастыру және білім беру саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Осы бағыт бойынша Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанаргүл Баймакова баяндама жасады.

Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тиісті жауаптар мен түсіндірмелер алды.

Мұндай кездесулер санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіз жағдайларды қалыптастыруға және білім беру мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау салалары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1289083?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді