
Білім күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысының бірқатар ауылдарында жаңа мектептердің есігі айқара ашылды. Қаратөбе, Сырым, Жәнібек, Ақжайық, Бәйтерек және Тасқала аудандарындағы елді мекендерде оқушылар жаңа, заманауи білім ордаларында оқу жылын бастады.
Жаңа мектептердің бой көтеруі – ауыл үшін жай ғана жаңа әлеуметтік нысанның ашылуы емес. Бұл – балалардың туған жерінде сапалы білім алуына жағдай жасап, ауылдың болашағына жасалған маңызды қадам.
Жаңа білім ошақтарында заманауи оқу кабинеттері, шеберханалар, кітапханалар, спорт және мәжіліс залдары, асханалар қарастырылып, қауіпсіздік жүйелері күшейтілген. Кейбір ауылдарда жаңа мектептің ашылуымен білім ошағының мәртебесі де көтерілді.
Білім беру инфрақұрылымын жаңарту – өңірдегі маңызды бағыттардың бірі. Газет материалында атап өтілгендей, кейінгі жылдары облыста ондаған жаңа мектеп бой көтеріп, оның басым бөлігі ауылдық елді мекендерде салынды. Ал жаңа оқу жылы қарсаңында тағы 8 шағын жинақты мектептің құрылысы аяқталды.
Жаңа мектеп – жаңа мүмкіндік. Ал жаңа мүмкіндіктер – ауыл баласының жарқын болашағына бастар жол.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1289342?lang=kk

Жауап қалдыру