«ЕАЭО шекарасы арқылы арнайы тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру» тақырыбында семинар өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   

     2026 жылғы 09 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі –Комитет) Аудит департаментінің ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС Әкімшілендіру басқармасымен бірлесіп «ЕАЭО шекарасы арқылы арнайы тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

     Аталған семинардың мақсаты – ЕАЭО шекарасы арқылы арнайы тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жұмыстың принциптері, негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру.

    Семинарға тыңдаушылар ретінде 99 аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

   Дәріскер ретінде Комитеттің Аудит департаментінің ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС Әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы – Карисов Берик Канатович сөз сөйледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1289106?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді