ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ МЕН «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, КАДР ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Уильям Лакобимен, Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Нұрмұхамед Картабаевпен, сондай-ақ адам ресурстарын басқару жөніндегі бас менеджер Кәмшат Байжановамен кездесті. Кездесу барысында халықты жұмыспен қамту, еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тәлімгерлікті дамыту және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесудің негізгі мәселелерінің бірі экономиканың нақты сұранысына сай кадр даярлау болды. 2026 жылы министрлік жұмыссыз азаматтарды, жастарды, сондай-ақ оқып, қайта даярлаудан өтіп жатқан адамдарды қоса алғанда, 548 мың азаматты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Бұл ретте кадр даярлау жүйесін сұранысқа ие мамандықтар мен қажетті дағдыларға барынша бейімдеу үшін ірі жұмыс берушілермен бірлескен жұмысты күшейтуге ерекше мән берілуде.

«Біздің міндетіміз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесумен қатар, еңбек нарығының нақты сұранысына сай білікті мамандар даярлау. Бұл ретте оқыту, тәлімгерлік және тәжірибелі мамандардың білімін қазақстандық кадрларға беру маңызды рөл атқарады», – деді Асқарбек Ертаев.

Кездесуде «Теңізшевройл» ЖШС-дегі кадрлық жағдайға да ерекше назар аударылды. Бүгінде компания қызметкерлерінің 96%-ы – Қазақстан азаматтары. Ал 1993 жылы бұл көрсеткіш 50% болған. Сонымен қатар компанияның жоғары және орта буын басшылары арасында қазақстандық мамандардың үлесі 90%-дан асады.

Қатысушылар компанияның қазақстандық кадрлардың кәсіби әлеуетін дамытуға қосып отырған елеулі үлесін атап өтті. Сондай-ақ кәсіби білім мен халықаралық озық тәжірибені қазақстандық мамандарға жеткізудің маңыздылығына тоқталды.

«Еңбек қауіпсіздігі – біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі. ТШО үшін әр қызметкердің өмірі мен денсаулығы – басты басымдық. Біз қауіпсіздік мәдениетін одан әрі нығайтып, әлемдік тәжірибелерді енгізіп, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіріп келеміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1288808?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді