
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ НЫСАНДАРЫНДА АПТАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА
Қазақстан халқының тілдері күніне орай Кентау қаласындағы барлық білім беру ұйымдарында мерекелік апталықтың ашылу салтанаты ұйымдастырылды.
Тілі басқа болғанымен – тілегі бір, жүзі басқа болғанымен – жүрегі бір Қазақстан халқы үшін тілге деген құрмет пен өзара түсіністік – ел бірлігінің маңызды негізі.
Ана тілі – ұлттың жаны,
мемлекеттік тіл – елдіктің тұғыры,
өзге тілдер – мәдениеттер арасындағы алтын көпір.
Мерекелік шараларда оқушылар тілдің қадірін дәріптеп, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, түрлі тілдерде өнер көрсетті. Бұл – жас ұрпақтың көптілділікке, мәдени әртүрлілікке және өзара сыйластыққа деген құрметінің жарқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1288663?lang=ru

Жауап қалдыру