
Мықтылар өмірді таңдайды: Таразда 250-ден астам жасөспірім есірткіге қарсы акцияға қатысты
🚔Таразда «Есірткісіз болашақ» атты профилактикалық акция өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинологиялық қызмет мамандары, сондай-ақ «Жастар ресурстық орталығының» өкілдері қатысты.
🤝Кездесу Бауыржан Момышұлы атындағы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған әскери мектеп-интернаттың 250-ден астам тәрбиеленушісін қамтыды.
✅«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықтық сауаттылықты арттыру.
🚔Полиция қызметкерлері есірткі заттарын қолданудың денсаулыққа, оқу мен болашаққа тигізетін кері әсері туралы айтып, жастарды заңсыз ұсыныстардан бас тартып, саналы таңдау жасауға шақырды. Сонымен қатар, іс-шара барысында ҚР ІІМ-нің «Не книжные закладки» профилактикалық фильмі көрсетілді.
🐕Шара барысында Кинолог мамандар қызметтік иттерімен есірткі және жарылғыш заттарды анықтау, жоғалған адамдарды іздеу және шартты құқық бұзушыны ұстау бойынша арнайы дайындықтарын көрсетті.
📌«Есірткісіз болашақ» – әр жастың бүгінгі саналы таңдауынан басталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1289272?lang=ru

Жауап қалдыру