
Меркі ауданында Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірқатар маңызды тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесулер барысында жол қауіпсіздігі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп, әскери тәртіп, суицидтің алдын алу және лудоманияның зияны мәселелері талқыланды. Қызметкерлерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, қызметтік міндеттерін адал орындау, заң талаптарын бұзбау, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар қиын жағдайға тап болған адамдарға дер кезінде қолдау көрсету, психологиялық денсаулыққа көңіл бөлу және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша кеңестер берілді. Мұндай кездесулер қызметкерлердің жауапкершілігін арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1289144?lang=ru

Жауап қалдыру