Қордай ауданындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің «Жас құтқарушы» сыныбының оқушылары үшін №15 өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өрт сөндіруші-құтқарушылардың күнделікті қызметімен танысып, өрт сөндіру техникасы мен арнайы құрал-жабдықтарды тамашалады. Сонымен қатар балаларға өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Жауап қалдыру