Қосылған құн салығы сомаларының кем көрсетілуіне қатысты камералдық бақылау хабарламалары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы қыркүйекте салық есептілігінде көрсетілген ҚҚС сомасын төмендетудің анықталған фактілері бойынша камералдық бақылау хабарламаларын жіберу жоспарланғанын хабарлайды.

   Хабарламалар электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) деректері мен 300.00-нысаны бойынша салықтық есептілікті салыстыру негізінде автоматты түрде қалыптастырылатын болады.

     Атап айтқанда, егер ҚҚС асып кетуін қайтаруға талап қойған салық төлеушінің өнім берушісінде сатылған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС сомасының төмендетілгені анықталған жағдайда хабарлама жіберілуі мүмкін.

     Хабарламаның орындалу мерзімі – 30 жұмыс күн.

     Хабарламаны алған кезде салық төлеуші:

  • анықталған алшақтықтармен келіскен кезде – қосымша салықтық есептілік ұсынуы;
  • келіспеген жағдайда – бұзушылықтың жоқ екенін негіздей отырып жазбаша түсіндірме жолдауы қажет.

    Салық төлеушілердің назарын ЭШФ деректерінің 300.00-нысаны бойынша салықтық есептілікке сәйкес келуін уақтылы тексеру, сондай-ақ алынған камералдық бақылау хабарламаларына жедел ден қою қажеттілігіне аударамыз.

    Хабарлама бойынша анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексеру жүргізуге құқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1289186?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді