
2026 жылғы 7–17 қыркүйек аралығында өңірдегі білім беру ұйымдарында жалпы ата-аналар жиналыстары өтеді.
Аталған жиналыстарда балалардың қауіпсіздігі, құқықтары мен мүдделерін қорғау, құқықбұзушылықтың, лудоманияның, кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығы мәселелері талқыланады.
Осыған байланысты, әрбір мекеме басшысынан өз қызметкерлерінің жалпы ата-аналар жиналысына қатысуына қолдау білдіруді және қатысуына мүмкіндік жасауды сұраймыз.
Ата-аналардың жиналысқа белсенді қатысуы – балалардың қауіпсіз ортасын қалыптастыруға, олардың тәрбиесі мен болашағына ортақ жауапкершілікті арттыруға маңызды үлес.
Бала – біздің ортақ жауапкершілігіміз! Қолдауларыңыз бен түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1289351?lang=kk

Жауап қалдыру