Шу ауданында жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын өткізді. Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, жылдамдық режимін бұзбау, қауіпсіздік белдігін тағу, көлікті масаң күйде басқармау және рөлде ұялы телефонды пайдаланбау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар ұзақ жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеру, шаршаған жағдайда көлік жүргізбеу және қолайсыз ауа райында сақтық шараларын күшейту жөнінде кеңестер берілді. Жүргізушілердің сұрақтарына жауап беріліп, жолдағы қауіпсіздік әрбір азаматтың жауапкершілігі екені атап өтілді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1289146?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді