
Ордабасы аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен аудандық өнер мектебінің мәжіліс залында «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» тақырыбында кездесу-жиын өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, қоғамдық кеңесінің төрағасы, ардагерлер мен ақсақалдар, дін өкілдері, жастар, полиция қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен аудандық білім бөлімінің мамандары қатысты.
Кездесуде ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, салт-дәстүрді сақтау, жастар тәрбиесі және аға буынның өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелері талқыланды.
Аға буын өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, жастарға бағыт-бағдар беруде отбасы мен қоғамның жауапкершілігіне тоқталды. Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға сала мамандары жауап берді.
Еркін пікір алмасу форматында өткен жиында ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастар тәрбиесіне қатысты мәселелерге басымдық берілді.
Кездесу барысында айтылған ұсыныстар назарға алынып, жауапты сала өкілдеріне тиісті бағыттар бойынша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1288800?lang=ru

Жауап қалдыру