
2026 жылғы 8 қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары «Жамбыл аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК мамандарымен семинар өткізді.
Семинар барысында азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу және оларды жіберудің негізділігі мәселелері қаралды. Сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары 2026 жылғы 11 тамыздағы «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына» енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді түсіндірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1289195?lang=ru

Жауап қалдыру