ЖАРИЯ ТЫҢДАУЛАР ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бағасының алдағы өзгеруі туралы ақпаратты талқылау бойынша жария тыңдауларға қатысуға шақырады.

Жария тыңдаулар 2026 жылғы 15 қыркүйекте сағат 15:00-де мына мекенжайда өтеді: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 «В», 335-кабинет.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдауларға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Сонымен қатар жария тыңдауларға ZOOM қосымшасы арқылы қатысуға болады:

идентификатор: 540 130 1900                     

пароль: 12345

Жария тыңдаулардың трансляциясы Facebook платформасында да жүргізіледі:  https://www.facebook.com/profile.php?id=100043427352343

 

 

ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1288637?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді