Жеке қабылдау барысында азаматтарға олардың еңбек құқығы түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Б.О. Мамарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Қабылдауға Шығыс Қазақстан облысы еңбек инспекциясының өкілі, еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Қ. Ерғазинов та қатысты.

Кездесу барысында азаматтардың еңбек қатынастарына қатысты сауалдары тыңдалып, еңбек заңнамасының сақталуы бойынша түсіндірмелер мен кеңестер берілді. Сонымен қатар, еңбек құқықтарын қорғау, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша қажетті ақпарат ұсынды.

Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері назарға алынып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1289381?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді