
2026 жылдан бастап салық есептілігін ұсыну тәртібіндегі маңызды өзгерістер
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық есептілігіне өзгерістер енгізу тәртібі өзгерді.
Не өзгерді?
Егер 2025 жылы салық төлеушілер бұрын ұсынылған салық есептілігін кері қайтарып ала алса, 2026 жылдан бастап мұндай мүмкіндік жойылды.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 115-бабының 9-тармағына сәйкес, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі кері қайтарып алынуға жатпайды.
Қатені қалай түзетуге болады?
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 116-бабына сәйкес, бұрын ұсынылған салық есептілігінде көрсетілген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру:
қосымша салық есептілігін;
хабарлама бойынша салық есептілігін ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Назар аударыңыз!
Ұсынылған салық есептілігі толықтығы мен дұрыс толтырылуын форматтық-логикалық бақылаудан өтеді.
Салық есептілігіне «Құжат қабылданды» мәртебесі берілген жағдайда ғана ол ұсынылған болып танылады.
Маңызды!
Егер автоматты түрде қалыптастырылған есептілікте көрсетілуге тиіс салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты объект болған жағдайда, салық төлеуші тиісті салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.
Салық есептілігінің мәртебесін қадағалаңыз, енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріңіз және есептілікті белгіленген мерзімде ұсыныңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1290018?lang=ru

Жауап қалдыру