
Бұған бірнеше себеп болуы мүмкін. Мысалы, азаматтың белгілі бір әлеуметтік төлемді алуға құқығы болмауы, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қажетті мәліметтердің болмауы немесе ондағы деректердің төлем алуға құқықты растамауы ықтимал. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін кейбір әлеуметтік төлемдер бойынша қажетті әлеуметтік аударымдардың жүргізілмеуі де төлемнің тағайындалмауына себеп болады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек қатынастарының ресми рәсімделуі және әлеуметтік аударымдардың жүргізілуі маңызды.
Ал төлем тағайындалмаған жағдайда оның себебін қайдан көруге болады? Қайта өтініш беруге бола ма?
▶️ Бұл сұрақтарға жауапты бейнематериалдан біле аласыз.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1289832?lang=ru

Жауап қалдыру