
Қоғамдағы жалпыұлттық бірлік пен азаматтық жауапкершілікті нығайту, диалог жүргізу дағдыларын жетілдіру мақсатында 2026 жылғы 11 қыркүйекте Көкшетау қаласының Достық үйінде этносаралық қатынастарды дамыту мәселелеріне арналған семинар-тренинг өтті.
Аталған іс-шара Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.
Семинарға аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің басшылары, жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары қатысты.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау – мемлекетіміздің ішкі саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін айта келе, семинардың жұмысына сәттілік тіледі.
Іс-шарада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры, Республикалық этномедиация кеңесінің мүшесі Әсет Абжаковтың және «Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Руслан Тоқатовтың «Ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылдағы әдеп және парасаттылық» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.
Семинар-тренинг барысында ашық диалог, тәжірибе алмасу, кейстік талқылаулар өткізілді.
Шараның соңында іс-шараға қатысушыларға жаңа кәсіби дағдыларды игергенін растайтын сертификаттар табыс етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/1290518?lang=ru

Жауап қалдыру