АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ: КІМДЕРГЕ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА БЕРІЛЕДІ?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ жыл жұмыс істеген азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында арнаулы әлеуметтік төлем 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді.

Төлем 55 жасқа толған, сондай-ақ кемінде 84 ай (7 жыл) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген және зиянды еңбек жағдайындағы жұмысты тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлар әсер етпейтін басқа жұмысқа ауысқан азаматтарға тағайындалады.

Арнаулы әлеуметтік төлем бірнеше көзден қалыптасады. Оның құрамына мемлекеттік бюджеттен төленетін төлем, өмірді сақтандыру компаниясының төлемі, жұмыс берушінің қаражаты және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін қаражат кіреді.

2026 жылы мемлекеттік бюджеттен төленетін бөлігі – 101 702 теңге, өмірді сақтандыру компаниясынан – 50 851 теңге, жұмыс берушіден – 50 851 теңге. Осы үш төлемнің жалпы сомасы 203 404 теңгені құрайды. Бұған БЖЗҚ-дан төленетін сома қосылады, оның мөлшері азаматтың зейнетақы жинағына байланысты жеке есептеледі.

Арнаулы әлеуметтік төлем азамат зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін төленеді. Зейнетақы тағайындалған кезде арнаулы әлеуметтік төлем тоқтатылады.

Бұл шараның негізгі мақсаты – зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген азаматтарға еңбек өтілі мен кәсіптік зейнетақы жарналарына байланысты қосымша әлеуметтік қолдау көрсету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1290100?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді