
28 тамызда «Шымкент-КРО» кеден бекетінде Шымкент қаласы бойынша МКД басшысыныңорынбасары
Е.М. Өзбеков және кеден өкілдерінің қатысуымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Негізгі тақырыптардың бірі “КЕДЕН” ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу болды. Бизнес өкілдеріне жүйедегі жұмыстың практикалық аспектілері, кедендік операцияларды жасау тәртібі және құжаттарды ресімдеу ерекшеліктері түсіндірілді.
Қатысушылар тауарларға арналған декларацияның 31-бағанын толтыру, ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы, сондай-ақ тауарларды шығару мерзімдерін сақтау мәселелерін талқылады.
Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 119-бабының талаптарына да ерекше назар аударылды. Аталған бапқа сәйкес, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, кеден декларациясы тіркелген сәттен бастап тауарлар төрт сағат ішінде шығарылуға тиіс.
Кездесу барысында СЭҚ қатысушылары үшін маңызды өзге де мәселелер қаралды, атап айтқанда: зияткерлік меншік объектілерін кедендік бақылау, кедендік құнды айқындау, тауарларды жіктеу, сондай-ақ уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуге қойылатын талаптар.
Сонымен қатар, қатысушыларға халықаралық тасымалдау көлік құралдарына тауарларды кедендік пломбалар мен мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәліктерді беру тәртібі түсіндірілді.
Кездесу ашық әрі сындарлы диалог форматында өтті. Бизнес өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, практикалық мәселелерді талқылауға және кедендік рәсімдерге қатысты қажетті түсініктемелер алуға мүмкіндікалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1290248?lang=ru

Жауап қалдыру