
Отбасы күні онкүндігі аясында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанған көпбалалы Шыңжановтар отбасы құрметке бөленді.
Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожиннің атынан өнегелі отбасыға бағалы сыйлықтар мен арнайы диплом табысталды.
Шыңжановтар отбасы – шаңырақтағы өзара сыйластық пен татулықты, бала тәрбиесі мен отбасылық құндылықтарды берік ұстанып келе жатқан үлгілі жанұя. Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрметі, балаларға беріп отырған тәрбиесі – көпке үлгі.
Шыңжановтар отбасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз!
Шаңырақтарыңызға шаттық, береке мен бақ, бала-шағаларыңызға зор денсаулық, жарқын болашақ тілейміз! 💐
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1289833?lang=ru

Жауап қалдыру