Қарасай аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде техникалық сабақ өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 11 қыркүйегінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының Қарасай аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша техникалық сабақ өтті.

Техникалық сабақ барысында зейнетақы төлемдерін және жәрдемақыларды тағайындауға ұсынылатын құжаттардың шынайылығына және толықтығына қабылдау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау мәселелері және қайта рәсімдеуге қайтарудың негізгі себептері талқыланды.

Техникалық сабақ соңында департаменттің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Жанбатыр зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мамандар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1290123?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді