
Қазақстанда ата-аналар чаттары үшін бірыңғай ережелер енгізілуі мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың пікірін зерделеп, қарым-қатынас тәртібін жеке нормалармен бекіту мүмкіндігін қарастыруда.
Жылдам әрекет етуді талап ететін, кейінірек талқылауға болатын хабарламалардың түрлерін, сондай-ақ қай чаттарда мұғалімдердің болуы міндетті екенін айқындау жоспарланып отыр. Бұған дейін мектеп мәселелерін сағат 18:00-ден кейін талқыламау ұсынылған болатын, алайда екі ауысымды оқытуға байланысты бұл тәсіл қайта қаралуы мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1289636?lang=ru

Жауап қалдыру