ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің басшылығы Алматы қаласындағы мекемелердің жұмысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Қанатұлы Рыспаев жуырда Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде болып, қаладағы мекемелердің жұмысымен танысты.

Әділет полковнигі Н.Рыспаев №72 және №11 мекемелерде болып, ондағы жедел-режимдік жұмыстарды және сотталғандар мен күдіктілерді ұстау жағдайын назарға алды.

№72 мекемесі (Тергеу изоляторы) 2007 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда республикамыздағы ірі мекемелердің бірі болып табылады. 

ҚАЖК төрағасының орынбасары іссапар барысында мекемедегі фронт-офис, кезекші бөлім, онлайн бейне-процестер өтетін бөлмелердің, кезекші және режимдік бөлімдердің,  қысқа мерзімді кездесу бөлмелерінің бейне камералармен жабдықталуымен танысты.  Сондай-ақ ол №11 мекеменің биыл пайдалануға берілген жаңа ғимаратында болып, жазалы жасөспірімдердің жаза өтеулеріне тудырылған жайлы жағдаймен танысты.

Мұнда сотталған балалардың білім алуларына және спортпен айналысуларына барлық жағдай жасалған. Мекеме ғимаратының ішінде арнайы спорт зал болса, далада шағын футболға арналған алаң бар. Білім алатын мекеме жанындағы №32 жалпы білім беретін мектептің мұғалімдерімен де кездесіп, сотталған балаларға білім берудегі жаңа бастамаларымен танысты.

Мекемелер жұмысымен танысқан соң  төраға орынбасары Алматы қаласы бойынша ҚАЖД басшылығы және жеке құраммен кеңес өткізіп, «Заң мен тәртіп» қағидатының, ҚАЖ қызметкерлерінің «Әдеп кодексінің» талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы нақты тапсырмалар беріп, пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1289928?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді