Салықтық тексерудің алдын ала актісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Салықтық тексерудің алдын ала актісі – тексеруші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасаған және салықтық тексеру актісі жасалғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілетін салықтық тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат.Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге құқылы.Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау кезінде жіберілген тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы уәкілетті органның тапсырмасы негізінде тағайындалған салықтық тексеруді тағайындау кезінде салықтық тексерудің алдын ала актісі жасалмайды және табыс етілмейді.

Предварительный акт налоговой проверки – документ о предварительных результатах налоговой проверки, составленный проверяющим в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан и вручаемый налогоплательщику (налоговому агенту) до составления акта налоговой проверки.Проверяемый налогоплательщик (налоговый агент) вправе представить письменное возражение к предварительному акту налоговой проверки.

Порядок и сроки вручения налогоплательщику (налоговому агенту) предварительного акта налоговой проверки, представления письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки, а также рассмотрения такого возражения утверждаются уполномоченным органом.При назначении налоговой проверки, назначенной на основании поручения уполномоченного органа о назначении и проведении тематической налоговой проверки, направленного при рассмотрении жалобы налогоплательщика (налогового агента) на уведомление о результатах налоговой проверки, предварительный акт налоговой проверки не составляется и не вручается.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-alm/press/news/details/1289962?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді