
ШҚО-да 2 мыңнан астам мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз жаюдың алдын алуға, сондай-ақ елді мекендер мен жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Өңірде қараусыз жүрген малды уақытша ұстауға арналған 97 қамақ жұмыс істейді. Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер қараусыз жүрген жануарларды анықтап, олардың иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Есепті кезеңде ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 2 мыңнан астам мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Малдың қараусыз жайылуы үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру және чиптеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл олардың иесін анықтауға және малды ұстауға жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Полиция мал иелеріне жануарларды қараусыз қалдырмай, белгіленген орындарда жаюды және оларды уақытылы сәйкестендіруді ұсынады. Қараусыз жүрген мал анықталған жағдайда немесе мәселелер туындаса, 102 арнасына хабарласыңыздар.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1289880?lang=ru

Жауап қалдыру