СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін басқарма басшысының міндетін атқарушы Мамбетов Бауыржан Ізтайұлының төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған кезекті жиын өтті.

Жиынға тізім бойынша ұжым қызметкерлері қатысып, мемлекеттік қызметтегі адалдық, заң талаптарын сақтау және қызметтік жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесу барысында әдеттегідей әкімшілік, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Алтынкөп Бейбіт Нұрланұлы сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсер ететін өзекті мәселелердің бірі екеніне тоқталып, тақырып аясында мазмұнды баяндама жасады.

Баяндама барысында парақорлықтың қоғамның ауыр дерті екені айтылып, оның мемлекеттік институттарға деген сенімге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кері әсер ететіні атап өтілді. Сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерді жеке мүдде үшін пайдалануға, заң талаптарын айналып өтуге және қандай да бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria/press/news/details/1290136?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді