Тараз қаласында оқушыларға ТЖМ жүйесіндегі мамандықтар туралы түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері №48 орта мектеп оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жүйесіндегі қызмет бағыттары, мамандықтар және қызметке орналасу тәртібі туралы ақпарат берілді. Оқушыларға ТЖМ жүйесінде өрт сөндіруші-құтқарушы, инженер және басқа да мамандықтар бойынша қызмет атқаруға болатындығы түсіндірілді. Сонымен қатар Көкшетау қаласындағы жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында білім алу мүмкіндіктері, оқу орнына түсу талаптары және оқу процесі туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Кездесу барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрттің алдын алу, тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін орындау және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәртібі де түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары интерактивті тақтаның көмегімен жүргізіліп, оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «сұрақ-жауап» форматында ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1290022?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді