“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында рейд жұмыстары ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында рейд жұмыстары ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекеннің санитарлық тазалығы мен абаттандырылуын бақылау мақсатында Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Д. Аханов, Үшарал қаласының әкімі А. Абишев және Алакөл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ш.Ахатаев орталық және ішкі көшелердің қоқыстан тазартылу деңгейін, жол жиектерінің ретке келтірілуін, тұрғындар көп шоғырланатын орталық базар аймақтарын және жеке меншік нысандарының өз іргелес аумақтарын таза ұстауына қатысты, сондай-ақ мекемелердің архитектуралық сыртқы келбетіне бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бақылау барысында елді мекен аумағындағы тазалық жұмыстарының жүргізілу барысы сараланып, абаттандыру талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, көшелер мен қоғамдық орындардағы тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару, жол жиектерін қоқыстан тазарту, арамшөптерді шабу, ағаштар мен жасыл желектерді күтіп-баптау, сондай-ақ санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін аумақтарды ретке келтіру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, орталық базар аумағында тазалықты сақтау, сауда орындарының айналасын күтіп ұстау және қоқыстардың белгіленбеген орындарға төгілуіне жол бермеу мәселелері бойынша жауапты тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жеке кәсіпкерлік нысандар мен тұрғын үйлердің иелеріне өздеріне тиесілі және іргелес аумақтарды таза әрі көрікті ұстау, абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажеттігі ескертілді. Тазалық пен тәртіпті сақтау – тек арнайы қызметтердің ғана емес, әрбір тұрғын мен кәсіпкердің ортақ міндеті екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-usharal/press/news/details/1290213?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді