«Таза Қазақстан» және «Заң және тәртіп» бағдарламаларын іске асыру аясында рейдтік іс-шара өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ескелді ауданы, Алдабергенов ауылдық округі, Алдабергенов ауылында ведомствоаралық мобильді топ мүшелерінің қатысуымен рейдтік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне абаттандыру қағидаларын сақтау, қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету және санитариялық тазалық талаптарын орындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Рейдтік іс-шара нәтижесінде жеке тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес:

№263336030006572;
№263336030006573;
№263336030006595

әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, құқық бұзушыларға ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылды.

Құрметті аудан тұрғындары!

Өздеріңізге тиесілі аумақтарды таза ұстап, абаттандыру және санитариялық тазалық талаптарын сақтауға шақырамыз.

Таза қоршаған орта мен көрікті елді мекен қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-aldarbergenov/press/news/details/1290361?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді