
Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде жеке құрамға «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараны Отбасын қолдау орталығының мамандары мен Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы бірлесіп ұйымдастырды. Тренинг барысында отбасы құндылықтары, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен сыйластық, эмоционалдық тұрақтылық, сондай-ақ жақын адамдардың бір-біріне қолдау көрсетуінің маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар адамның психологиялық саулығы, отбасындағы үйлесімді қарым-қатынасты сақтау және өмірлік қиындықтарды еңсеру үшін ішкі ресурстарды тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар түрлі психологиялық жаттығуларға белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті. Тренинг барысында отбасының адам өміріндегі орны ерекше екені, ал берік әрі берекелі отбасы – тұрақты қоғамның маңызды негіздерінің бірі екені атап өтілді. Іс-шара соңында отбасы адамға күш-қуат, жылулық пен қолдау беретін ең қымбат мекен екені айтылды.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1290015?lang=ru

Жауап қалдыру