
«ЖАҢА ШЕШІМДЕР УАҚЫТЫ»
Кәсіби мереке қарсаңында «Жаңа шешімдер уақыты» айдары аясында кәсіби жолы жауапкершіліктің, үздіксіз дамудың және тиімді жұмыс істеуге деген ұмтылыстың үлгісі болып табылатын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары туралы баяндауды жалғастырамыз.
Сүлбаев Төлеу Мұхажанұлының кәсіби қызметі мемлекеттік қызмет пен басқарудың түрлі бағыттарын қамтиды. Еңбек жолы жылдарында ол әлеуметтік салада, әскери қызметте, қаржы жүйесінде, сот саласында және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бағытында тәжірибе жинақтады. Осындай сан салалы кәсіби жол оның ой-өрісінің кеңеюіне, басқарушылық құзыреттері мен мемлекеттік қызметте қажет практикалық дағдыларының қалыптасуына ықпал етті.
Төлеу Мұхажанұлының үш мамандығы бар. 2000 жылы Павлодар экономикалық колледжін «Маркетолог» мамандығы бойынша тәмамдады. 2015 жылы Инновациялық Еуразия университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Ал 2017 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2006 жылы Ертіс ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бастады. 2009–2016 жылдар аралығында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарды. Бұл кезең оның кәсіби қалыптасуында маңызды рөл атқарып, тәртіптілік, ұйымдастырушылық, сабырлылық және қабылданатын шешімдерге жоғары жауапкершілік сияқты қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етті.
Әскери қызметті аяқтағаннан кейін Төлеу Мұхажанұлы мемлекеттік басқару саласындағы кәсіби қызметін жалғастырды. 2016–2018 жылдары Ақтоғай ауданының Қаржы бөлімінде және Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде қызмет атқарды. 2018–2020 жылдары Ертіс аудандық сотында бас маман – сот отырысының хатшысы болып жұмыс істеп, заң саласындағы білімін тәжірибеде қолданып, сот ісін жүргізу бағытында практикалық тәжірибе жинақтады.
2021 жылдан бастап оның кәсіби қызметі санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен байланысты. Еңбек жолын жетекші маман қызметінен бастаған Төлеу Мұхажанұлы сол жылдың мамыр айында-ақ Ертіс аудандық басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету және цифрландыру бөлімін басқарды.
2023 жылғы наурыздан бастап Төлеу Мұхажанұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ертіс аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы міндетін атқарып келеді.
Бүгінде оның кәсіби қызметі бөлімшенің жұмысын ұйымдастырумен, қойылған міндеттердің орындалуын үйлестірумен және санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етумен байланысты.
Жан-жақты білімі мен мемлекеттік қызметтің әртүрлі салаларындағы еңбек тәжірибесі Төлеу Мұхажанұлына қызметтік мәселелерді кешенді түрде қарастыруға, құқықтық, ұйымдастырушылық және практикалық аспектілерді ескеруге және салмақты басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Төлеу Мұхажанұлының кәсіби жолы – жүйелі дамудың, жаңа құзыреттерді игерудің және жинақталған тәжірибені мемлекеттік қызмет игілігіне пайдаланудың жарқын үлгісі. Бүгінде оның білімі мен практикалық дағдылары санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында өз нәтижесін беруде.
Бұл салада жауапкершілік, жеделдік және қабылданатын шешімдердің сапасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1290108?lang=ru

Жауап қалдыру