
Жетісу ауданында «Таза Қазақстан» қағидаттарын насихаттауға бағытталған жаңа Эко-Хаб ашылды. Бұл – Алматыдағы осындай үшінші экологиялық кеңістік.
«Жетісу-2» комьюнити-орталығы базасында орналасқан Эко-Хабта қалдықтарды бөлек жинауға арналған 10 арнайы контейнер орнатылды. Мұнда тұрғындар пластик, қағаз, алюминий және қайта өңделетін басқа да қалдықтарды тапсыра алады.
Сонымен қатар Эко-Хабта экологиялық акциялар, шеберлік сабақтары, кездесулер мен жастардың бастамаларын қолдауға арналған іс-шаралар өткізіледі.
Ашылу барысында пластикті қайта өңдеу процесі көрсетіліп, қайта өңделген материалдардан жасалған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Таза Қазақстан – бір күндік акция емес» тақырыбында ашық диалог өтті.
Жаңа Эко-Хаб аудан тұрғындары мен жастарды экологиялық бастамаларға біріктіретін тұрақты алаңға айналмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zhetysu/press/news/details/1289657?lang=ru

Жауап қалдыру