
агроөнеркәсіптік кешен саласында жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың орындалу барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында министр облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге 6 мың бас сауын малына есептелген «Евразия инвест» серіктестігінің тауарлық сүт фермасына барды. Жобаның жалпы құны 30,6 млрд теңгені құрайды.
Қуаттылығы 1,2 мың басқа арналған ферманың бірінші кезеңі пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 2,4 мың басқа есептелген екінші кезеңінің құрылысы жүргізілуде. Үшінші кезеңді 2028 жылы бастау жоспарланып отыр.
Кешен толық пайдалануға берілгенде сауын сиырлардың саны 6 мың басқа жетпек. Төлдерді қоса есептегенде, жалпы мал басы 15 мыңнан асады. Жылдық сүт өндіру көлемі 70 мың тоннадан артады деп күтілуде.
Ферма заманауи сауу, климатты бақылау және жемшөп өндіру жүйелерімен жабдықталуда.
Сонымен қатар шаруашылықтың жеке жемшөп базасы бар. Компанияның жалпы жер қоры 56 мың гектар, оның 10 мың гектары – суармалы жер.
Шаруашылықта қуаттылығы 35 мың тонна элеватор жұмыс істейді. Алдағы уақытта оның сыйымдылығын 50 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған. Өндірістік процестер автоматтандырылған, ал дәнді және майлы дақылдардың сапасы жеке зертханада бақыланады.
Сондай-ақ шаруашылықта сыйымдылығы 17 мың тонна болатын заманауи көкөніс қоймасы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта тағы үш нысанның құрылысы жүргізілуде. Оларды іске қосу сақтау қуатын қосымша 35 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында үш жыл ішінде «Асхат» шаруа қожалығы егіс алқаптарының көлемін 1 мың гектардан 18 мың гектарға дейін ұлғайтты. Оның 1,2 мың гектары – суармалы жер.
Алдағы уақытта шаруашылық мал шаруашылығы бағытын дамытуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, 1,5 мың басқа арналған тауарлық сүт фермасын салу және бір мезгілде 5 мың басқа дейін мал ұстайтын бордақылау алаңын құру көзделуде.
Бұдан бөлек, 500 гектар алқапта картоп шаруашылығын дамыту және суармалы жер көлемін 10 мың гектарға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Сапар аясында министр «МФ Рамадан» серіктестігінің тауарлық сүт фермасына да барды. Мұнда құны 4,8 млрд теңгелік өндірісті кеңейту жобасы іске асырылуда.
Қазіргі уақытта фермада 1 мыңнан астам ірі қара мал бар.
Мал басын 1,5 мыңға дейін жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба аяқталғаннан кейін тәулігіне 27 тонна сүт өндіру жоспарланып отыр.
«Сүтті мал шаруашылығын дамыту – басым бағыттардың бірі болып қала береді. Бүгінде сүт өндіру көлемін арттырумен қатар, оны жоғары сапада отандық өңдеу кәсіпорындарына үздіксіз жеткізіп отыру өте маңызды.
Бұл үшін заманауи тауарлық сүт фермаларын дамыту, генетикалық әлеуетті жақсарту арқылы малдың өнімділігін арттыру, автоматтандырылған технологияларды енгізу және жеке жемшөп базасын әзірлеу қажет. Мұндай кешенді тәсіл өндірістік шығындарды азайтып, шаруашылықтардың тиімділігін арттыруға жол ашады», – деді Айдарбек Сапаров.
Сапар соңында министр инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдерінің сақталуын және кәсіпорындардың жоспарға сай жұмыс істеуін тапсырды.
Сондай-ақ суармалы егіншілікті дамытуға, жемшөп базасын нығайтуға, заманауи технологияларды енгізуге және ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға ерекше назар аударуды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1290606?lang=ru

Жауап қалдыру