Екібастұз үшін Кеншілер күні – ерекше мереке

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Екібастұз үшін Кеншілер күні – ерекше мереке

29 тамызда Екібастұзда Кеншілер күніне орай көмір өнеркәсібінің қызметкерлері мен сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Қала әкімі Аян Уахитұлы Бейсекин кеншілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қала тарихы мен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегін атап өтті.

Екібастұздың қалыптасуы мен дамуы көмір өндірісімен тығыз байланысты. Бүгінде өңірдің көмір саласында 10 мыңнан астам адам еңбек етеді. Соңғы үш жылда «Богатырь Көмір», «Восточный» разрезі және «Ангренсор Энерго» кәсіпорындарында 162 миллион тоннаға дейін көмір өндірілді.

«Кеншілер күні – шаһарымыздың тарихын қалыптастырып, тағдырын көмір өндірісімен сабақтастырған еңбек адамдарына деген құрметтің белгісі. Екібастұздың негізі де осы салада маңдай терін төккен азаматтардың қажырлы еңбегімен қаланды. Сондықтан бұл күнді қаламыздың басты мерекесі деп айтсам, қателеспеймін», – деді Аян Бейсекин.

Қаланың энергетикалық және өнеркәсіптік әлеуеті жаңа даму мүмкіндіктеріне жол ашуда. Ірі инвестициялық және энергетикалық жобалармен қатар, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Үкімет басшылығының және Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы Байхановтың қолдауымен жүзеге асырылуда.

Мерекелік іс-шара Қазақстан эстрадасы мен шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасып, кеш соңында қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік отшашу ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1290638?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді