Күршімде балалардың сапалы білім алуына қажетті жағдайлар жасалып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданына жұмыс сапары барысында Бірлік негізгі орта мектебіне барып, білім беру процесінің ұйымдастырылуы мен оқушыларға жасалған жағдайды көрді.

2025 жылы салынған мектепте бүгінде 34 оқушы білім алады. Оқу жеті сыныпта ұйымдастырылған. Мектепте 10-нан астам мұғалім еңбек етеді.

Жаңа ғимарат ауылдағы балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай қалыптастырған. Оқу екі ауысымда жүргізіледі.

Сондай-ақ Нұрымбет Сақтағанов «Дара бала» бөбекжай-балабақшасына барды. Нысан биыл 1 маусымда ашылған. 140 балаға арналған мектепке дейінгі ұйым қазіргі таңда 80-ге жуық бүлдіршінге қызмет көрсетіп отыр. Мұнда 11 педагог еңбек етеді.

«Дара бала» – «Эпиона LTD» ЖШС филиалы. Компанияның республика бойынша осындай 10 филиалы бар. Жаңа балабақшаның ашылуы ауылдағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Облыс әкімі білім беру нысандарындағы жағдаймен танысып, балаларға жайлы орта қалыптастыру, педагогтерге қажетті жағдай жасау және ауылдағы білім беру сапасын арттыру мәселелеріне назар аударды.

«Ауылдағы әр мектеп пен балабақша – балалардың болашағына салынған инвестиция. Сондықтан білім беру нысандарының жағдайын жақсарту және олардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету облыстың әлеуметтік саясатындағы негізгі бағыттардың бірі болып қала береді», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1290598?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді