Мақатта отбасылық командалар арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мақат ауданында Отбасы күніне орай отбасылық командалар арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті. Екі күнге созылған жарысқа Атырау қаласы мен облыс аудандарынан 16 команда қатысты, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Турнирдің ашылу салтанатында Мақат ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бекбол Әбуов қатысушыларға сәттілік тілеп, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосқан командаларға аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.

Жарыста бір әулеттің бірнеше буын өкілдерінен құралған командалар өзара бақ сынады. Алаңдағы тартысты ойындарда қатысушылар спорттық шеберліктерімен қатар, ұйымшылдық пен командалық рухтарын көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша Құлсары қаласынан келген Амандықовтар әулетінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Атырау қаласына қарасты Алғабас ауылынан келген Қаршығаевтар әулеті иеленсе, үшінші орын Доссор кентінің Тампиевтер әулетіне бұйырды.

Сонымен қатар жарыста ерекше көзге түскен ойыншылар жекелеген аталымдар бойынша марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, кубок, медаль және қаржылай сертификаттар табысталды.

Турнирдің мақсаты – отбасы мүшелерін спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ әр буын өкілдерінің арасындағы бірлік пен өзара сыйластықты нығайту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1290655?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді