ТҰРҒЫН ӨТІНІШІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әкімдікке келіп түскен әрбір тұрғынның өтініші назарға алынып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде тиісті жауап беріледі. Ал мәселе нақты жерде зерделеуді қажет еткен жағдайда аудан әкімі өтініш иесімен бірге оқиға орнына барып, жағдайды көзбен көріп, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктейді.
Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Бөржар ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылына барып, тұрғындардың электр желілеріне қатысты көтерген мәселесін жергілікті жерде зерделеді.
Аралау барысында аудан әкімдігіне жауапты бөлім мамандары, аудан әкімінің орынбасары, электр желісі мекемесінің басшысы және ауылдық округ әкімі бірге жүріп, мәселенің жай-жапсарын нақтылады.
Атап айтқанда, Наурыз және Антеев көшелеріндегі бірқатар тұрғын үйлерінің ауласында орналасқан электр бағаналарына қатысты мәселе қаралды. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен электр желілерінің талапқа сай орналасуын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы желінің сызбасын есептеп, техникалық мүмкіндігін зерделеу және электр бағаналарын көше жиегіне шығару бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылды.
Сонымен қатар ауыл ішіндегі көше бойларын аралап, тазалық пен абаттандыру жұмыстарының жай-күйі қаралды. Анықталған кемшіліктерді жою, ретсіз жатқан аумақтарды қалыпқа келтіру және елді мекеннің тазалығын тұрақты қамтамасыз ету жөнінде ауыл әкіміне тапсырма берілді.
Тұрғындардың өтінішіне жауап беру — тек қағаз жүзіндегі міндет емес. Мәселенің мәнін жергілікті жерде көріп, нақты шешім қабылдау — жұмыстың басты талаптарының бірі.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1290591?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді