
11 қыркүйекте «Jysan med» ЖШС-де Қарағанды қаласы Казыбек би атындағы ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен иммундау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға діни ұйымдардың өкілдері, теолог, сондай-ақ вакцинациядан бас тартқан ата-аналар қатысты.
Басқарманың бас маманы Марал Шакеева қатысушыларға иммундаудың маңыздылығы туралы түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу барысында вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы маңызына ерекше назар аударылды. Вакцинация — жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі және ауыр асқынулардың даму қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
«Иммундау вакцинация арқылы жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған. Бұл — инфекциялардан және олардың ауыр зардаптарынан қорғаудың тиімді тәсілдерінің бірі», — деп атап өтті Марал Шакеева.
Кездесу соңында қатысушыларға балалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау және жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын уақытылы жүргізудің маңыздылығы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1291397?lang=ru

Жауап қалдыру