«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны туралы аппараттық кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік органда «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық кітап оқу марафонына қатысуға байланысты аппараттық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында марафонның мақсаты, қатысу шарттары мен ережелері түсіндірілді. Қызметкерлерге марафонның 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуір айына дейін өткізілетіні және «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағыты бойынша қатысу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, қатысушыларға ұсынылатын кітаптар тізімі, оқу кезеңі, кітап бойынша пікірлерді жеке кабинетте жариялау тәртібі, қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздердің өткізілуі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кеңес соңында ұжым қызметкерлері аталған марафонға белсенді қатысуға шақырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-lab/press/news/details/1291026?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді