
Матай ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара “Матай ауылдық округ әкім аппараты” қызметкерлері, учаскелік полиция лейтенанты және мониторингтік топ мүшелері қатысты.
Түсіндіру жұмыстары барысында ауыл аумағының тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды ластамау, абаттандыру талаптарын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, тұрғындарға қоқыстан орынды қорау, туған өлкенің тазалығына жауапкершілікпен қарау және «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысу қажеттігі айтылды.
Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және ауыл аумағын таза әрі көрікті ұстауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-matai/press/news/details/1290966?lang=ru

Жауап қалдыру