
Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы С.Төлегенов Жылыой ауданы Құлсары қаласында «Nurkenkyzy-ai» ЖК-нің жұмыскерімен орын алған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.
Комиссия мүшелері тергеп-тексеру кезінде жазатайым оқиғаның мән-жайы, орын алу себебі, оқиға орны мен жұмыс берушінің құжаттары зерделенді. Оқиға куәларынан түсініктеме мен сауалнамалар алынды.
Қазіргі таңда, орын алған жазатайым оқиға бойынша комиссия мүшелерімен тергеп-тексеру жалғасуда.
Тергеп-тексеру нәтижесімен оқиға еңбек қызметіне байланысты немесе еңбек қызметіне байланысты емес жазатайым оқиға ретінде сыныпталады.
Сондай-ақ, тергеп-тексеру барысында жұмыскерлерге еңбек заңнамасы талаптары түсіндіріліп, қойылған сұрақтарына жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1291505?lang=ru

Жауап қалдыру