
Өңірдің мемлекеттік қызметкерлерімен – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының тыңдаушыларымен кездесу өткізілді.
Кездесудің негізгі тақырыбы мемлекеттік органдардың қызметінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау, құқықтық сауаттылық, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті жұмысында құқық қорғау тәсілдерін қолдану мәселелеріне арналды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мандаты мен өкілеттіктері, адам құқықтарын қорғаудың қолданыстағы жүйесі, оның ішінде Ұлттық алдын алу тетігі және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Жастар комиссиясы туралы айтылды. Адамның құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдіктеріне мемлекеттік органдар қызметінің негізі ретінде ерекше назар аударылды.
Қатысушылар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне, стационарлық үлгідегі әлеуметтік және балалар мекемелеріне бару, сондай-ақ жабық мекемелерде ұсталатын адамдармен және әлеуметтік қызметтерді алушылармен тікелей қарым-қатынас жасаудың маңызын талқылады.
Азаптау мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау, буллингке қарсы іс-қимыл, қолжетімді ортаны қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, қызметтік әдеп, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін сақтау, Әдеп кодексінің талаптары және мемлекеттік қызметтің азаматтардың заңды мүдделері мен қажеттіліктеріне бағдарлануы мәселелеріне жеке тоқталынды.
Адам құқықтарын сақтау, кәсіби әдеп және азаматтардың өтініштеріне жауапкершілікпен қарау мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысының маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1291126?lang=ru

Жауап қалдыру