ОТБАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті Шардара ауданының тұрғындары!
Сіздерді қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қастерлі құндылық, қоғамның берік негізі. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасылардың көп болуы – елдің тұрақтылығы мен берекесінің басты кепілі. Ұрпақ тәрбиесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты асыл қасиеттер ең алдымен отбасында қалыптасады.
Шардара ауданында отбасы құндылықтарын нығайтуға, балалар мен жастардың тәрбиесіне, әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Барша отбасыға шаңырақтың шаттығын, өзара түсіністік пен татулықты, мықты денсаулық пен баянды бақыт тілеймін. Әр шаңырақта қуаныш пен күлкі орнап, ата-анаға құрмет, балаға мейірім, отбасыға береке серік болсын!
Отбасыларыңыз аман, шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең болсын!
Отбасы күні құтты болсын!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291092?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді