
Қамысқала ауылдық округінде ауыл тұрғындары арасында бөтеннің мүлкін ұрлаудың және мал ұрлығының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға малды қараусыз қалдырмау, жайылымнан уақытылы қайтару, қора-жайларды берік бекіту, малға ен салу және құжаттарын ретке келтіру қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, бөтеннің мүлкін заңсыз иемденудің жауапкершілігі туралы ақпарат беріліп, тұрғындарға «Бөтеннің мүлкін ұрлау» және «Мал ұрлығының алдын алу» тақырыптарында жадынамалар таратылды.
Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, мал ұрлығы мен мүліктік қылмыстардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1290994?lang=ru

Жауап қалдыру