Қазақстан АЭХА Бас конференциясының 70-сессиясына қатысуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Вена, 14 қыркүйек 2026 жыл. Венада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Бас конференциясының 70-сессиясы өз жұмысын бастады. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Гумар Сергазин басқарады.

Қазақстан делегациясының құрамына Атом энергиясы жөніндегі агенттік, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі және атом саласының жетекші ұйымдарының өкілдері кірді.

АЭХА Бас конференциясы – Агенттіктің жоғары басқару органы. Жыл сайын өтетін конференция барысында мүше мемлекеттер атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, атом энергетикасын дамыту, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимі және техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

14–18 қыркүйек аралығында өтетін 70-сессия аясында Қазақстан делегациясының басшысы жалпы пікірталаста Қазақстанның халықаралық ядролық күн тәртібіне қатысты ұстанымы мен ұлттық атом саласын дамытудың басым бағыттарын таныстырады.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы АЭХА басшылығымен, серіктес мемлекеттер және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді. Кездесулер барысында ядролық-энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, кадр даярлау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, техникалық ынтымақтастық, ядролық медицина және ядролық технологияларды экономика салаларында қолдану мәселелері талқыланады.

АЭХА Бас конференциясының 70-сессиясы 14–18 қыркүйек күндері Вена халықаралық орталығында өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1291458?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді